Бұл Құпиялық туралы ескертпеде Boehringer Ingelheim International GmbH компаниясының (әрі қарай — «Boehringer Ingelheim» немесе «біз») осы веб-сайт және әлеуметтік желі арқылы сіз туралы жинайтын жеке деректерді қалай және қандай мақсаттарда өңдейтінін сипатталады.

Мазмұны
1. ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ  
1.1 Тіркеу, тіл қатысу (веб-сайт және әлеуметтік желі арналары) 
1.2 Cookie файлдарын пайдалану және оларға қатысты деректерді өңдеу (веб-сайтты оңтайландыру, талдау, жарнамалау) 
1.3 Фармакологиялық бақылау  
1.4 Қосымша мақсаттар  
2. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ 
2.1 Реттеуші органдарға есеп беру міндеттері және құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету 
2.2 Қызмет провайдері (Өңдеуші) 
2.3 Boehringer Ingelheim компаниялары  
2.4 Үшінші тараптарға тасымалдау  
2.5 Басқа фармацевтикалық компаниялар  
2.6 Әлеуметтік плагиндер және үшінші тарап мазмұны  
2.7 Деректерді ЕО аумағынан тыс алушыларға тасымалдау 
3. САҚТАУ МЕРЗІМДЕРІ 
4. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ 
5. БАЙЛАНЫСУ ЖӘНЕ СҰРАҚТАР 
6. ОСЫ ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕГЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ 

 

1. ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ МАҚСАТТАРЫ 
1.1 Тіркеу, тіл қатысу (веб-сайт және әлеуметтік желі арналары) 

Біз сіздің деректеріңізді сізге өзіміздің веб-сайттарымызда қызметтерді қамтамасыз ету үшін өңдейміз, мысалы, сіз тіркелген кезде, жүйеге кіргенде, оқу курстары мен іс-шараларға қатысқанда немесе бізге хабарлама жібергенде.

Сондай-ақ біз сіздің деректеріңізді сіз біздің әлеуметтік желі арналарымыздағы (Instagram, LinkedIn және т.б.) науқандарға қатысқанда немесе бізге сұрау не аңғартпа жібергенде өңдейміз. 

Құқықтық негіз — GDPR 6 (1) b) тармағы.

1.2 Cookie файлдарын пайдалану және оларға қатысты деректерді өңдеу (веб-сайтты оңтайландыру, талдау, жарнамалау)

Біз cookie файлдарын (браузеріңізге орналастырылған шағын мәтіндік файлдар) және пиксель тегтері сияқты ұқсас технологияларды (әрі қарай — «Cookie файлдары») қолданамыз.

1.2.1 Негізгі cookie файлдары 

Негізгі cookie файлдары бетті шарлау, веб-сайттың қауіпсіз аймақтарына кіру немесе тіл параметрлері сияқты негізгі мүмкіндіктерді қамтамасыз ету арқылы веб-сайттың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Құқықтық негіз — GDPR 6 (1) b) тармағы. Біз бұл негізгі cookie файлдарын 14 күннен артық сақтамаймыз

1.2.2 Веб-сайтты оңтайландыру және талдау 

Сіздің келісіміңіздің негізінде cookie файлдарын орнатып, біздің веб-сайттарымызды қалай пайдаланып жатқаныңызды талдаймыз. Осылайша, біз белгілі бір қызметтердің қаншалықты жақсы көрсетіліп жатқаны туралы ақпаратты жинаймыз және оларды, сондай-ақ веб-сайттарымызды реттей және жақсарта аламыз. 

Келісіміңізден кез келген уақытта осы жерде бас тарта аласыз

1.3 Фармакологиялық бақылау 

Boehringer Ingelheim фармацевтикалық компания ретінде жағымсыз әсерлерді немесе фармакологиялық бақылау міндеттемелері деп аталатын кез келген басқа дәрілік препарат проблемасын анықтауға, бағалауға, түсінуге және алдын алуға байланысты белгілі бір әрекеттерді орындауға міндетті. Фармакологиялық бақылау міндеттемелері бізге қандай да бір адамды, яғни пациентті және/немесе жағымсыз оқиғаның хабарлаушысын тікелей немесе жанама түрде анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпаратты (жеке деректер) өңдеуді талап етеді. 

Бізге келесі жеке деректерді өңдеу қажет болуы мүмкін: 

Хабарлаушы туралы: 

  • Толық аты-жөні, инициалдары және байланыс деректері (бұл сіздің мекенжайыңызды, электрондық пошта мекенжайыңызды және телефон нөміріңізді қамтуы мүмкін), кәсібі (мысалы, дәрігер, фармацевт).

Пациент туралы (хабарлау субъектісі): 

  • Инициалдар (көрсетілгендей), пациенттің аты-жөні ешқашан көрсетілмейді; жынысы; жасы/туған күні/жас тобы;
  • Boehringer Ingelheim компаниясының реакция тудырды деген күдікке ілінген өніміне қатысты мәліметтер, мысалы, қабылдау туралы ақпарат, партия нөмірі;
  • Жағымсыз оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер: Нақты не болды?; жағымсыз оқиғаның барысы мен нәтижесі, басталу және аяқталу күні, бірінші рет пайдаланып жатыр ма?, қатар жүретін дәрілер және/немесе аурулар туралы ақпарат; оқиғаның елеулілігі; пациенттің және/немесе хабарлаушының Boehringer Ingelheim өнімі мен жағымсыз оқиға арасындағы ықтимал себеп-салдар қатынасы туралы көзқарасы;

Байланыс ақпараты жағымсыз оқиғалар туралы жоғары сапалы және толық ақпарат алу мақсатында хабарлаушымен байланыса алу үшін сұралады. Егер хабарлаушы өзінің байланыс мәліметтерін Boehringer Ingelheim компаниясына немесе билік органдарына бергісі келмесе, хабарлаушы хабарлаушының аты-жөні өрісіне «Құпиялық» сөзін енгізе алады.

Біз сіздің жеке деректеріңізді келесі мақсаттарда өңдей аламыз: (і) хабарланған жағымсыз оқиғаны талдау; (ii) қосымша ақпарат алу үшін хабарлаушымен байланысу; (iii) жағымсыз оқиға туралы ақпаратты Boehringer Ingelheim International GmbH басқаратын біздің жаһандық фармакологиялық бақылау дерекқорымыз арқылы бүкіл әлем бойынша Boehringer Ingelheim алған басқа жағымсыз оқиғалар туралы ақпаратпен салыстыру және талдау; және (iv) бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау органдарына фармакологиялық бақылауға қатысты ақпаратты хабарлау. Хабарланған жеке деректер тек осы мақсаттар үшін пайдаланылады. Жеке деректердің арнайы санаттарын қоса алғанда, фармакологиялық бақылауға қатысты жеке деректерді өңдеудің құқықтық негізі Германияның Деректерді қорғау туралы Федералдық заңының 22 (1)(c) бөліміне байланысты және ЕО аумағынан тыс жерлерге жасалған тасымалдар үшін GDPR 49 (1) e) тармағымен байланысты GDPR 9 (2)(i) тармағы болып табылады.

Біз Boehringer Ingelheim компаниясының тиісті өнімі нарыққа шығарылған кез келген елде нарыққа шығару рұқсатының мерзімі шегінде және нарыққа шығару рұқсатының мерзімі өткеннен кейін кемінде он (10) жыл бойы сіздің жеке деректеріңізді қамтуы мүмкін фармакологиялық бақылауға қатысты ақпаратты мұрағаттауға заңды түрде міндеттіміз.

1.4 Қосымша мақсаттар 

Қажет болса, біз сіздің жеке деректеріңізді келесідей қосымша мақсаттар үшін өңдейміз: 

  • заңды мүдделерімізді қанағаттандыру (GDPR 6 (1) f тармағы), соның ішінде мыналар:

    (i) қандай да бір корпоративтік транзакцияны орындау (мысалы, корпоративтік қайта құрылымдау, активтерді өзге тұлғаларға сату немесе тағайындау, компаниялардың бірігуі);

    (ii) құқықтарымызды, меншігіміз бен мүдделерімізді қорғау және орындау;

  • заңды міндеттемелердің, сот бұйрықтарының немесе мемлекеттік органдардың басқа да міндетті шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету (GDPR 6 (1) с) тармағы).
  • GDPR 13(2)(e) тармағына сәйкес келісімшарт/заң талабы ретінде.
2. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ 

Біз жеке деректерді үшінші тұлғалармен бөлісе аламыз және/немесе оларға аша аламыз:

2.1 Реттеуші органдарға есеп беру міндеттері және құқықтардың сақталуын қамтамасыз ету 

Хабарлау жөніндегі құқықтық міндеттемелерді орындау, өз құқықтарымызды және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін біз жеке деректерді заң ережелеріне сәйкес құқық иелерімен, кеңесшілермен, соттармен және құзырлы органдармен бөлісе аламыз (мысалы, күдікті жағымсыз оқиға туралы хабарлау міндеті).

2.2 Қызмет провайдері (Өңдеуші) 

Біз осы құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттарда сіздің жеке деректеріңізді өңдеу үшін қызмет провайдерлерін тартамыз. Бұл қызмет провайдерлері деректерді тек біздің атымыздан, біздің нұсқауларымызға сәйкес, біздің бақылауымызда және осы құпиялық саясатына сәйкес өңдейді. 

2.3 Boehringer Ingelheim компаниялары 

Жаһандық компаниялар тобының бір бөлігі ретінде, біз деректерді өңдеуге қолдау көрсететін басқа Boehringer Ingelheim компанияларын тартамыз (мысалы, хабарланған жағымсыз оқиғаны талдау және өңдеу бойынша фармакологиялық бақылау міндеттемелеріміздің бір бөлігі ретінде). Бұл топ компаниялары деректерді Деректердің ортақ басқарушысы ретінде тек осы құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін GDPR 26-тармағына сәйкес өңдейді.

2.4 Үшінші тараптарға тасымалдау 

Біз деректерді өз жауапкершілігімен және өз мақсаттары үшін өңдейтін келісімшарттық серіктестерімізге тасымалдаймыз (мысалы, келісіміңізді берген болсаңыз, LinkedIn немесе Twitter). Деректер осы Құпиялық саясатында көрсетілген мақсаттар үшін ғана тасымалданады. 

2.5 Басқа фармацевтикалық компаниялар 

Boehringer Ingelheim өнімі бойынша фармакологиялық бақылау міндеттемелері қауіпсіздік туралы ақпаратпен алмасуды талап ететін болса, біз жеке деректерді қамтуы мүмкін фармакологиялық бақылауға қатысты ақпаратты Boehringer Ingelheim компаниялар тобының ортақ маркетинг не ортақ дистрибуция жөніндегі серіктесі немесе басқа да лицензиялық серіктестері болып табылатын тағы басқа фармацевтикалық компаниялармен бөлісе аламыз; бұл компаниялар деректерді тек біздің атымыздан, біздің нұсқауларымызға сәйкес, біздің бақылауымызда және осы Құпиялық саясатына сәйкес өңдейді. 

2.6 Әлеуметтік плагиндер және үшінші тарап мазмұны 

Біз сіз біздің веб-сайтымызға кірген кезде ақпаратты автоматты түрде әлеуметтік желі қызметтерінің провайдеріне жіберетін ешбір құралды енгізген жоқпыз (Әлеуметтік плагиндер).

YouTube, Meta және т.б. сияқты әлеуметтік желі провайдерлеріне кез келген бағыттау тек сілтеме арқылы жүзеге асырылады, солайша біздің қызметтерімізге кіруіңіз туралы деректер (мысалы, IP мекенжайы, уақыт, URL мекенжайы) немесе соңғы құрылғыңыздағы қолжетімді деректер (мысалы, cookie ақпараты) сілтеме саналы түрде пайдаланылған кезде ғана тиісті провайдерлерге тасымалданады.

2.7 Деректерді ЕО аумағынан тыс алушыларға тасымалдау

Органдар, қызмет провайдерлері, іскери серіктестер және Boehringer Ingelheim компаниялары жеке деректерді ЕО аумағынан тыс жерде өңдей алады. Мұндай жағдайларда біз еуропалық заңнамаға сәйкес дерек қорғанысының барабар деңгейін қамтамасыз етеміз (әдетте Еуропалық Комиссия жариялаған ЕО стандартты келісімшарттық тармақтар немесе қажет болған жағдайда басқа да тиісті сақтық шаралары арқылы). Төменде көрсетілген байланыс мәліметтері арқылы деректердің құпиялығы жөніндегі маманға хабарласып, жеке деректердің тиісті қорғанысын жүзеге асыратын келісімшарттың көшірмесін сұрай аласыз.

3. САҚТАУ МЕРЗІМДЕРІ

Boehringer Ingelheim сіздің жеке деректеріңізді сәйкес мақсаттар үшін, әдетте сіз сұраған қызметтерді қамтамасыз ету үшін қажет болғанынша сақтайды. Бұл, мысалы, пайдаланушы тіркелгісінің деректерін (логин, кәсібі, аты-жөні, т.б.) сіз оларды жоймайынша сақтайтынымызды білдіреді. Кейбір жағдайларда, заңмен белгіленген сақтау мерзімдеріне бағыну үшін деректеріңізді ұзағырақ сақтауға міндеттіміз. Біз белгілі бір өңдеу мақсаттары үшін сақтау мерзімдерін көрсеттік. 

4. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ

Сіздің келесідей құқықтарыңыз бар: 

  • Boehringer Ingelheim тарапынан өңделген жеке деректеріңіз туралы ақпарат сұрау;
  • негізделген жағдайларда, жеке деректеріңіздің жойылуын, түзетілуін немесе өңделуін шектеуді сұрау;
  • белгілі бір жағдайларда жеке деректеріңіздің сізге немесе басқа адамға жалпылай қолданылатын пішімде тасымалдануын сұрау;
  • деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға шағым беру;
  • егер жеке деректер өңдеу мақсаттары үшін қажет болмай қалса немесе оларды одан әрі өңдеуге заңды негіз болмаса, жеке деректеріңіздің жойылуын сұрау.
  • Жеке деректеріңіздің өңделуіне кез келген уақытта қарсылық білдіру, өйткені мұндай өңдеу тек Boehringer Ingelheim компаниясының заңды мүддесіне негізделеді (GDPR 6 (1) f тармағы). Бұл жағдайда, Boehringer Ingelheim мүдделері басым болмаса, мұндай жеке деректерді одан әрі өңдемейміз. Сіз мүдделерді таразылаусыз деректеріңіздің​тікелей маркетинг үшін пайдаланылуына қарсылық білдіре аласыз.

Егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім берген болсаңыз, болашақта оны кез келген уақытта қайтарып алуыңызға болады; келісімді қайтарып алсаңыз, бұл келісімді қайтарып алғанға дейін жүзеге асырылған дерек өңделімінің заңдылығына әсер етпейді.

5. БАЙЛАНЫСУ ЖӘНЕ СҰРАҚТАР

Осы Құпиялық туралы ескертпеге қатысты немесе сіздің жеке деректеріңізді қалай пайдаланатынымыз туралы сұрақтарыңыз болса, келесі мекенжай бойынша бізге хабарласыңыз: 

Boehringer Ingelheim International GmbH
– Деректерді қорғау жөніндегі қызметкер –
Binger Strasse 173, D-55216 Ingelheim am Rhein, Германия
Электрондық пошта: datenschutz@boehringer-ingelheim.com

Деректерді өңдеуге қатысты әлі де сұрақтарыңыз немесе алаңдаушылықтарыңыз болса, кез келген бақылаушы органға да хабарласуыңызға болады. Boehringer Ingelheim компаниясының жауапты органы:

Der Landesbeauftragte für den Datenschutz und die Informationsfreiheit Rheinland-Pfalz
Hintere Bleiche 34, 55116 Mainz, Германия
Электрондық пошта: poststelle@datenschutz.rlp.de

6. ОСЫ ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕГЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ 

Біз бұл Құпиялық туралы ескертпені ауық-ауық жаңартып тұруымыз мүмкін. Құпиялық туралы мәлімдеменің жаңартулары осы веб-сайтта жарияланатын болады. Барлық өзгерту біздің веб-сайтымызда жарияланған бойда күшіне енеді. 

Соңғы рет жаңартылды: тамыз 2021 жыл